Ақпарат| adminАғымдағы жылдың 16 мамыр күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Дін және салт-дәстүр» тақырыбында дәріс өткізілді.Дәрісті Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор, дінтанушы Дүйсенбаева Альбина Құрақбайқызы жүргізді.Соңғы уақыттағы жат ағымдардың кері әсерінен дәстүріміздің дінге қайшы тұстары көп айтылып жүр. Осыған байланысты туындаған проблемалардың алдын-алу үшін дәстүрлі дін мен салт-санамыздың ара жігінің неге ажырап бара жатырғандығы және дін мен дәстүр арасы қандай болуы керектігі мәселесі турасында маман толығымен түсіндіріп өтті.Сонымен қатар ежелден қалыптасқан салт-дәстүрлердің шариғат заңымен қандай ұштастығы бар екендігіне тоқталып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай қанағаттанарлық жауап берілді.Дінтанушы Н.Жетпісбай