Ағымдағы жылдың 15-19 қараша күндері Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, қаладағы діндар азаматшаларға «QAZAQMEDCLINIC» медицина орталығында «Хиджама» курсы ұйымдастырылды.
Медицина орталығының маманы хиджама жасауды қысқа мерзімде үйрете отырып, адамдарға сапалы қызмет ұсыну үшін хиджаманың сан қырлы техникасын үйретіп, адамға оң әсер беретін терапиялар өткізу туралы ақпаратпен бөлісті. 108 сағат көлемінде өткен курста әйелдер мамандардың жұмысын тәжірибе жүзінде көріп, өздері де жеке кәсіппен айналысып, сапалы қызмет ету жолдарын үйренген, сондай-ақ, қатысушылар осы бағытта өз білімдерін әрі де шыңдауға ниетті.