Ағымдағы жылдың 9 қараша күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, Құқық қорғау органдарымен бірлесе, «Жусан» операциясы аясында өңірге қайтарылған азаматшалардың қатысуымен, «Түрлі ұлт пен ұлыс болып жаратылу хикметі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуді «Зарья Восток» мешітінің бас имамы, дінтанушы Ахметов Қазбек Пазылбекұлы жүргізді.
Маман Құран аяттары мен хадистерден мысалдар келтіре отырып, жер бетінде жаратылған түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін ұлтына немесе нәсіліне қарап оларды шектемей керсініше олармен жақсы қарым-қатынаста болу турасында және әрбір адам ұлт, ұлыс, нәсіл мәселесіне қатысты өз жадында ұстауы қажет негізгі үш ұстанымды түсіндіріп өтті. Соның бірі, әркім өзінің шыққан ата-тегін білу, екінші, өзге ұлттарды тең көру, үшінші, өзгелерді бауырым деп білу.
Дінтанушы Н.Жетпісбай