Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Дін және салт-дәстүр» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор, дінтанушы Дүйсенбаева Альбина Құрақбайқызы жүргізді.
Соңғы уақыттағы жат ағымдардың кері әсерінен дәстүріміздің дінге қайшы тұстары көп айтылып жүр. Осыған байланысты туындаған проблемалардың алдын-алу үшін дәстүрлі дін мен салт-санамыздың ара жігінің неге ажырап бара жатырғандығы және дін мен дәстүр арасы қандай болуы керектігі мәселесі турасында маман толығымен түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар ежелден қалыптасқан салт-дәстүрлердің шариғат заңымен қандай ұштастығы бар екендігіне тоқталып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай қанағаттанарлық жауап берілді.
Дінтанушы Н.Жетпісбай