Ақпарат

Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Конфликтіге бейім адамдармен байланыс жасау жолдары» тақырыбында онлайн форматта зумм платформасы арқылы кездесу өтті.

Кездесуді Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, психолог Шакимова Л.С. жүргізді.

Психолог маман кездесу барысында мінез типіне байланысты тұлға аралық қатынас орнату, конфликтілі ситуация кезіндегі  екі жақты шешімге келу жолдарын түсіндіріп, қиын жағдайдағы адамдармен байланыс құру жолдарымен бөлісті.

Кездесу барысында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, психолог тарапына жеке блог жүргізу туралы ұсыныстар айтылды.