Ағымдағы жылдың 7 мамыр күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы, «Заря Восток» мешітінің қолдауымен «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшаларға және олардың балаларына аталған мешітте Қасиетті Рамазан айына орай кездесу өткізілді.
Шара мақсаты балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың да қоғаманың бір бөлшегі екендігін сезіндіріп, ортаға бейімдеу.
Кездесуде балаларға ойындар ойнатылып, Құран сүрелерін мәнерлеп оқу бойынша сайыс өткізіліп, ақшалай сыйлықтар, киім-кешектер және тәттілер салынған арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Шараға соңында қатысуышылар өз алғыстарын білдірді.
Дінтанушы
Н.Жетпісбай