Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» гуманитарлық операциялары аясында елге қайтарылған азаматшалардың қатысуымен «Қазақ халқының құндылықтары негізіндегі Исламдағы бала тәрбиесі» тақырыбында онлайн форматта «зумм»платформасы арқылы кездесу өтті.
Кездесуді «Али-Мұхаммед» мешітінің бас имамы, исламтанушы Тақиров Қанатали Бақытұлы жүргізді.
Кездесуде Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынов сынды қазақ ғұлама-ағартушыларының, рухани көсемдердің ұлттық тәрбие туралы ұлағатты сөздері, Құран аяттары мен хадистер, Ислам дініндегі орын алған тәрбиелік оқиғалар мен өсиеттерді негізге ала отырып, бүгінгі күндегі бала тәрбиесінің маңыздылығы, бала тәрбиесінде ата-ананың ролі жайлы толыққанды ақпарат берілді.