+77011207570
+77011207503
info@reab.kz

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» шілде айында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

ЦЕНТР КОНСУЛЬТАЦИИ И РЕАБИЛИТАЦИЙ ПРИ УПРАВЛЕНИЯ ОБЩЕСТВЕННОГО РАЗВИТИЯ ГОРОДА АЛМАТЫ

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылғы                    1-30 шілде аралығында деструктивті діни ағым ықпалында жүрген 155 адаммен, оның ішінде, 113 ер және 42 әйел адаммен психолог және теолог маманның қатысуымен оңалту жұмыстары жүргізілді. Сұхбат барысында еліміздегі зайырлы қоғамның құндылықтары, еліміздің дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабы түсіндіріліп, саналарында қалыптасқан деструктивті діни көзқарастарға дәлелдермен барынша қарсы жауаптар беріліп,  ұстанымдарын өзгертуге ықпал жасалынды.

Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА 155/13, ЛА 155/18 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатырған азаматтармен, сондай-ақ, намазхан және дінге қызығушылығы бар 19 азаматпен кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұдан басқа, Орталықтың «Имани гүл» филиалында да тұрғындардың діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында әйел азаматшалар үшін тұрақты кеңес беру және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде жеке сұрақтарына жауап алуға келген 7 азаматшамен әңгімелесу өткізіліп, мамандар тарапынан сұрақтарына толықтай жауап берілді.

Сонымен қатар, орталық мамандары тарапынан  оңалту жұмыстарына қатысқан 3 азамат және 18 намазхан азамат 4 шілде күні «Ислам дінінің қазақ жеріне келуі» тақырыбында өткен тарихшымен кездесуге, сондай-ақ, 7 шілде күні Алматы қаласы спорт басқармасының ұйымдастыруымен болып өткен «Нұрсұлтан шыңына шығу саяхатына» белсене қатысты.

Сондай-ақ «Елорда күні» мерекесіне орай «Менің отбасымның салт-дәстүрлері» атты балалар арасында сурет байқауы өтіп, орталықтың оңалту жұмыстарына қатысқан отбасылардың балалары қатысты.Барлығы 9 бала өздерінің өнерлерін көрсетіп, бақ сынады.