Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Дін және зайырлы қоғам» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, саясаттану ғылымдарының PhD докторы, дінтанушы Сиқымбаева Дамира Әлиқызы жүргізді.
Дін мен мемлекеттің ара-қатынасы әдетте діни ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қарым-қатынастарында айтылады. Мемлекет дегеніміз ұйымдасқан қоғам, ал ешбір қоғам дінсіз болмайтыны белгілі деп, дін мен мемлекеттің, қоғамның тікелей байланысы жайлы айтылды.
Сонымен қатар өткізілген дәрісте дін және зайырлы қоғам тақырыбы әрдайым бір-бірімен астарласып жататын, бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын құбылысқа айналғандығы туралы айтып өтті. Дамира Әлиқызы кездесуге арнайы дайындалған презентация арқылы саяси режимнің басты белгілері, араб мұсылман елдеріндегі мемлекеттің билік түрлері, жалпы ислам әлемі туралы да түсіндіріп өтті.
Елімізде соңғы уақытта дін мәселесіне баса назар аударылуда. 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңда» Әбу-Ханифа бағытындағы ислам діні мен Православиялық христиан дінне басымдылық берілгені және халқымыздың рухани-мәдени дамуына үлес қосушы деп көрсетілгендігін тыңдаушыларға нақтылап айтып өтті. Яғни кездесу, дін мемлекеттен бөлектенгенмен қоғамнан ешуақытта алыстатылмайды деген тұжырыммен аяқтады.
Дінтанушы Н.Жетпісбай