Ақпарат

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Балалар неврозы» тақырыбында онлайн форматта зумм платформасы арқылы кездесу өтті.

Кездесуді Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, психолог Шакимова Л.С. жүргізді.

Психолог маман кездесу барысында балалар психологиясы соның ішінде мектеп жасына дейінгі және мектеп жасынан кейінгі бала психологиясы, бала неврозы, жасөспірімдік кезеңдегі бала психологиясы, баланың жас кезеңдеріндегі қорқынышты жеңудің маңыздылығы турасында маңызды ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, қазіргі балалардың дамуына, олардың ойлауына кедергі келтіретін тіпті өміріне үлкен қауіп төндіретін ойындардың бала психологиясына қаншалықты әсер ететіндігі туралы ақпараттармен бөлісіп, баланың сурет салу арқылы оның мінез-құлқынан, ішкі жан дүниесінен хабардар болып, баламен барынша сырлас болудың маңыздылығын атап өтті.

Дінтанушы                                                                  Н.Жетпісбай