Мен, Алматы қаласы, Нұр-Мүбарак Ислам мәдениеті университетінің 3 курс «дінтану» мамандығының студентімін.
Ағымдағы жылдың 1 және 18 наурыз күндері Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту» орталығында өндірістік тәжірбиеден өттім.
Орталық қаладағы деструктивті діни ағымның арбауына түскен азаматтарды оңалту, оларға діни кеңес беріп, түсіндірме, насихат жұмыстарын жүргізумен айналысады.
2016 жылдан бастап жұмысын жасап келе жатқан Орталықтың басты ерекшелігі теріс діни ағымдардың арбауына түсіп қалған азаматтармен сұхбатасу арқылы оңалту жұмыстарын жүргізеді. Сұхбат барысында теріс діни көзқарастағы азаматтарға зайырлы қоғам мен дәстүрлі діннің құндылықтары жайлы түсіндіріліп, радикалды діни көзқарастарға дәлелдермен қарсы жауаптар беріледі.
Оңалту жұмысында белсенді нәтиже көрсетіп келе жатқан Орталық тек қала тұрғындарымен ғана емес сондай-ақ, түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарменде алдын-алу және кеңес беру шараларын жүргізуде.
Бұдан бөлек, «Жусан» гуманитарлық операциялары аясында елге қайтарылған әйелдер және балаларменде жан-жақты оңалту, бейімдеу және әлеуметтендіру жұмыстар жасалуда. Бүгінгі таңда Орталықтың теолог мамандарының жүргізген жұмыстарының нәтижесінде толықтай өздерінің радикалды, деструктивті діни райынан қайтып, қоғамға бейімделуде.
Білікті теолог және психолг мамандардың кеңесін тегін әрі жылдам алуға болатын бұл мекеме мұқтаж жандарға ақысыз түрде оқыту курсатын, шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, өз кәсіптерін ашуғада қолдау көрсетуде.
Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттауда «Пик Назарбаева» шыңы мен Медеу мұз айдынына спорттық шаралар ұйымдастырылса, ал Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күніне орай балалар арасында сурет салу бойынша шығармашылық жарыс өткізілген.
Бұл аталған шаралар Орталықтың атқарып жатқан жұмыстарының тек кішігірім бір бөлігі ғана деуге болады.
Өндірістік тәжірибе барысында Орталықтың атқарып жатқан жұмыстарын бақылай және сараптай отырып, бұл мекеменің бүгінгі қоғам үшін өте қажетті екендігін түсіне бастадым. Қазіргі қоғамның қандай діни идеологиялық қиындықтарға тап болып жатқандығын, оларды шешу мақсатында Орталық жүргізіп отырған жұмыстың маңыздылығын және діни тұрақтылықты сақтауда жасалып жатқан жұмыстардың барлығы жауапкершілікті талап ететіндігін түсініп, жоғарғы оқу орны бізге берген теориялық білімді тәжірибеден өту барысында қолданып, білікті мамандардың арасында одан әрі дамыта түстім деп айтсам қателеспеспін.
Нұр-Мүбарак Ислам мәдениеті университетінің
3 курс «дінтану» мамандығының студенті
Толысбекова Балжан Талғатқызы