Ағымдағы жылдың 2 cәуір күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Кеңес беру және оңалту орталығының» ұйымдастыруымен, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының профессоры, белгілі психолог Шакимова Лола Сергеевнаның қатысуларымен онлайн кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Шакимова Л.С. бүгінгі күнде өзекті болып отырған мәселелер оның ішінде деструктивті діни ағымның жетегінде кеткен адамның психологиясы, мінезінің типтері, және осы типке байланысты жұмыс жасау жолдары туралы дәріс оқыды.
Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін еркін білдіріп, ашық сұхбаттасты. Кездесу «Кеңес беру және оңалту орталығының» қызметкерлері үшін тиімді әрі жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өз алғыстарын білдірді.