Ағымдағы жылдың 28 тамыз күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы аясында өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Қарым-қатынастың қиын жағдайларын шешу» тақырыбында онлайн форматта «Зум» платформасы арқылы кездесу өтті.
Кездесуді Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, психолог Шакимова Л.С. жүргізді.
Психолог кездесу барысында жасөспірім балалармен тіл табысу, агрессивті адамдармен қарым-қатынастаста қорғану жолы, баланың психологиялық дамуында ата-ананың жауапкершілігі және әлеуметтік желінің балаға кері әсерлерінен қорғау жолдары туралы ақпаратпен бөлісті.
Қатысушылардың басым бөлігі көпбалалы аналар болғандықтан, психологтың әр сөзіне мән беріп тыңдап, өзекті сұрақтарына жауап алды.