Ағымдағы жылдың 21 тамыз күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту» орталығының ұйымдастыруымен, сондай-ақ Алматы Орталық мешітінің қолдауымен «Жусан» операциясы бойынша елге қайтарылған азаматшаларға «ТОО Artis Centrum» оқу орталығында арнайы «Киіз басу» курсы ұйымдастырылды.
Аталған оқу орталығының директоры Тоғжан Куттугаева қатысушыларға киізден аяқ киім жасаудың қыр-сырымен бөлісті және киіз басудың тарихы туралы түсіндіріп берді.
Өз кезегінде, қатысушылар ұлттық нақышта киізден тігілген киімдер коллекциясымен танысып, қызығушылықтарын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта киізден жасалатын осындай бұйымдар жасауға ұсыныстарын білдірді.