Ағымдағы жылдың 10 қазан күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту» орталығының ұйымдастыруымен, сондай-ақ, Алматы Орталық мешітінің қолдауымен «Жусан» операциясы бойынша елге қайтарылған азаматшалардың балаларына «Funky World» ойын-сауық орталығында, балалар аттракциондарында тегін ойнау мүмкіндігі берілді. Ойын сауық орталығы тарапынан аниматорлармен көңілді ойындар өткізіліп, балалар үшін «трансформер» шоуы ұйымдастырылды.
Балалар және олардың ата-аналары ерекше қуанышқа бөленіп, ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдірді.
А