Ақпарат

Ағымдағы жылдың 31 шілде күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Әлеуметтік желілердің салдары» тақырыбында онлайн форматта зумм платформасы арқылы кездесу өтті.

Кездесуді ҚР ҰҚК Академиясының оқытушысы, философия ғылымдарының докторы Джуманова Гүлнар Жақанқызы жүргізді.

Маман кездесу барысында әлеуметтік желінің қоғам үшін маңыздылығымен қатар пайдалы және зиянды тұсы да қатар жүретіндігін айтып, бүгінгі күнде өзекті тақырыптардың біріне айналған әлеуметтік желідегі экстермизм туралы кеңінен ақпарат беріп, желі арқылы ДДА өкілдерінің құрыққа-түсіру әрекеттері, белгілері, алдын-алу жолдары турасында сөз қозғады.