Ақпарат


Ағымдағы жылдың 21 шілде күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Бала психологиясында қолданылатын психологиялық әдістер» тақырыбында онлайн форматта зумм платформасы арқылы кездесу өтті.
Кездесуді Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, психолог Шакимова Л.С. жүргізді.
Психолог маман кездесу барысында баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіріп, баланың психологиясының дамуына ерекше ықпал ететін әдіс түрлеріне жеке тоқтала отырып, түсіндірме беріп өтті.
Кездесу барысында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кездесуге қатысушы әйелдердің балалары салған суретке психолог тарапынан түсіндірме жасалды.