Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Алматы қаласы Дін істері басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» ұйымдастыруымен, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының профессоры Шакимова Лола Сергеевнаның және ҚР ҰҚК Академиясы жанындағы АТО факультетінің психология оқытушысы, Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшысы психологы Абдукеева Ақмарал Сихымбайқызының қатысуларымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Шакимова Л.С. бүгінгі күнде өзекті болып отырған отбасылық мәселелер оның ішінде ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынасқа діннің әсері, адамдар арасындағы қарым – қатынастың бұзылуы, оның басты себептері және алдын-алу жолдары турасында және деструктивті діни ағым өкілдерін психологиялық тұрғыдан қалай анықтауға болатындығы туралы сөз етсе, Абдукеева А.С. қоғамымызда теріс ағым идеологиясына ұшыраған жастар туралы, соның ішінде соғыс ошақтарынан оралған Қазақстандықтар туралы әңгіме өрбітті.
Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін еркін білдіріп, ашық сұхбаттасты. Кездесу дін саласындағы қызметкерлер үшін тиімді әрі жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өз алғыстарын білдірді.