«Нұрсұлтан шыңындағы керемет саяхат»

Ағымдағы жылдың 7  шілде күні  Алматы қаласы тұрғындарына Елорда күніне орай Алматы қаласы Спорт басқармасының ұйымдастыруымен болып өткен 4376 метр биіктікте орналасқан «Нұрсұлтан» шыңына шығу саяхатына Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» мамандары мен намазхан азаматтар да ат салысып қатысты.

Аталған шараға қатыстыру мақсатымыз зайырлы құныдылықтарды дәріптеу, қатысушылардың бір-бірімен байланыстарын арттыру, өзара сұхбаттасу, еліміздің бай да көркем жерлеріне саяхат жасап, табиғат аясында демалу.

Шара бағдарламасы бойынша қатысушылар таңғы сағат 5.30 да Медеуде жиналып, одан әрі Шымбұлақ- Талғар асуы-Богданович мұздығы-Комсомол асуымен Нұрсұлтан шыңына жеткен.

Қатысушылар таза ауа аясында бұрын соңды осындай керемет демалыс өткізбегендіктерін және осы жолы есте қаларлық керемет саяхат болғандығын айтып, алған әсерлері мен ерекше сезімдерімен бөлісті.

«Кеңес беру және оңалту

орталығының» теологы

Н.Жетпісбай