«Ислам дінінің қазақ жеріне келуі»

Ағымдағы жылдың 4  шілде күні  Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» ұйымдастыруымен діндар азаматтардың қатысқан «Ислам дінінің қазақ жеріне келуі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды философия ғылымының докторы Бейсенов Бағдат Қайбылдаұлы жүргізді.

Бейсенов Бағдат арнайы өткізген семинарында жиналған қауымға қазақ жеріне ислам дінінің  қай уақытта келгендігін баяндады. Ата бабаларымыздың ұстанған дінін, шариғатын осы уақытқа дейін қолдарында шоқ ұстағандай жеткізгенді жайлы егжей тегжей түсіндіп берді. Және қазақ еліне жат болған дескрутивті ағымдардың қалай, қашан пайда болғандарын, олардың қазіргі қоғамға қандай кері әсерін тигізіп жатқандығы туралы сөз қозғады. Сонау Х ғасырда қазақ жеріне келіп жеткен өзіміздің дәстүрлі ұстанымымыз болған имам Ағзам Абу-Ханифа мазхабын сақтай отырып, оның ішінде Матруди ақидасын бекем ұстанып келген ата-баларымыздың жолында жүруіміз және де осы жолды өсіп келе жатқан ұрпағымызға еш өзгертпестен жеткізуіміз міндет екенін де атап өтті.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салған ағымдарды тізбектеп айтып берді және бұл діндердің не үшін ҚР заңымен тыйым салғандарын жиналған көпшілікке егжей- тегжейлі түсіндіріп берді.

Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін еркін білдіріп, ашық сұхбаттасты. Шара соңында, қатысушылар алғыстары мен ізгі тілектерін білдірді.

«Кеңес беру және оңалту

орталығының» теологы

Н.Жетпісбай