Ақпарат

Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасы және аталған басқарма жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының тұрғын үйді есепке алу және тарату бөлімінің басшысы Исламов Азат Рахымбердіұлымен «Жусан» гуманитарлық операциялары аясында елге қайтарылған әйелдермен  онлайн форматта «зумм» платформасы арқылы кездесу өтті.

Ұйымдастырылған шара мақсаты – террористік белсенді аймақтардан өңірге оралған азаматшалардың тұрмыстық жағдайына байланысты мемлекеттік бағдарламалар аясында баспана алу жолдары, мемлекеттік тұрғын үйлердің берілу тәртібі, жеке тұрғын үй салуға жер телімін алу жолдары түсіндірілді.

Азаматшалар маманға тұрмыстық санаттарына байланысты баспана алу жолдары туралы жекелеген сұрақтар қойып, толықтай жауап алды.