Ақпарат

Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасы жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» гуманитарлық операциялары аясында елге қайтарылған азаматшалар және олардың балаларына Қасиетті Рамазан айына орай «Халва» кафесінде ауыз ашар дастарханы ұйымдастырылып, «Әбу Бакір» мешітінің ұстазы Ахметова Айгерим «Рамазанның сырлары, Аллаға ықылас, Рамазанда дұға жасау» тақырыбында дәріс оқыды.

Азаматшалар ұстазға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, бүгінгі шара үшін ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, ерекше әсерлерімен бөлісті.