Ақпарат

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, террористік белсенді аймақтардан «Жусан» гуманитарлық операциялары аясында елге қайтарылған әйелдермен онлайн форматта «зумм» платформасы арқылы кездесу өтті.

Аталған шараға Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Қиқымов қатысып, нәзік жандылармен оңалту, тұрмыстық және әлеуметтік бейімделу мәселелері төңірегінде сұхбаттасып, әйелдердің негізгі проблемалық мәселелері талқыланды.
Азаматшалар өз пікірлері мен ұсыныстарын айтып, алдағы жылдық жұмыс жоспары құрылды.