Қазақстандық — исламдық бірегейлікті қалыптастырудағы Ханафи мазхабының рөлі

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі

басқармасының жанындағы «Кеңес

беру және оңалту» орталығының

дінтанушы маманы Жетпісбай Н.Ж.

 

Ханафи мазхабы — Қазақстандағы көпғасырлық жергілікті салт-дәстүрдің исламдық бірегейлену тұрғысынан ортақ үлгі қалыптасуына ықпал етті.

Елімізде Исламдық бірегейлік Ханафи мазхабының доктринасы контексінде қалыптасты, олар басымдықтар ретінде этикалық императивтерге және басқа діндер мен мәдени дәстүрлерге қатысты төзімділік орнатуды ұсынды.

Исламдық бірегейлік мәселелері Ханафи мазхабының теологиялық және исламтану зерттеулеріне және әртүрлі мүдделерді көздейтін жекелеген зайырлы шетелдік іргелі және қолданбалы әзірлемелерге бағытталған. Қазіргі уақытта Әбу Ханифа мұрасының маңыздылығы туралы деректанулық зерттеулер қайта құрылуда. Мұндай қайта құру діни экстремизмнің алдын алуға және жастар санасының радикалдануына жол бермеуге байланысты Қазақстандағы діни дәстүрдің тарихи тәжірибесін объективті түрде таныстыру үшін қолға алынуда.

Бүгінгі күнде, Ханафи мазхабына деструктивті исламистік дискурстармен идеологиялық шабуыл өте қарқынды жалғасуда, өйткені біз олардың исламды тазарту идеясымен, дұрыс дінге оралу идеясымен, одан әрі дүниежүзілік исламистік идеологияны құру идеясымен және жаңа әлемдік тәртіппен өздерінің саяси ойындарына қатысуы туралы идеясымен келіспейміз. Бұл қауіпті тенденция исламистік идеологияның төменнен емес, жоғарыдан іске асырумен байланысты, өйткені радикалды исламистік идеологияның өкілдері тіпті мемлекеттік саяси құрылымдарға енуді жоспарлауда. Өкінішке орай, бұл әлемдік үрдіс, сондықтан елімізде Ханафи мазхабын сақтаумен –  біз өз дәстүріміз бен  діни нанымымызды келешекке мұра ретінде сақтай аламыз.

Ханафи мазхабының қазіргі және тарихи маңызын, оның бір жағынан исламдық бірегейліктің қалыптасуына, екінші жағынан әртүрлі мәдени және діни топтардың толерантты өмір сүру саясатын қалыптастыруға, әлеуметтік-мәдени және саяси ықпалдастықтың болуымен тікелей байланыстыруға болады.

ХХ ғасырда исламның заңдылығы абстрактілі — формалды болып көрінді, бірақ оның мазмұндылығын тағы да түркі және қазақ дәстүрлерімен сабақтастық идеясын ұйыстырған Ханафи мазхабы сақтап қалды. Осылайша, ханафи мазхабы зайырлы қоғамдағы исламдық бірегейліктің сақталуына, Қазақстандық тұрақты Ислам парадигмасының сақталуына, Қазақстан халқының діни практикасының сақталуына ықпал ете отырып, дінаралық келісімнің заңдылығын қамтамасыз етіп, қоғамның рухани қауіпсіздігінің орнығуына, көпмәдениетті кеңістікте Исламның көпғасырлық тарихы бойында мағыналық ұйыстырушы жүктемені жүктеді. Бүгінгі күнде Қазақстан үшін Ханафи мазхабы конфессияаралық келісімді қалыптастыруда да үлкен рөл атқаратындығын айта кеткен жөн.

Зайырлылықтың дүниетанымдық парадигмалары исламдық дүниетаным мен исламдық өмір тәжірибесінің қалыптасуына әсер етеді, сондықтан Қазақстандық қоғам үшін исламдық бірегейлік ұлттық бірегейліктің құрамдас бөлігі ретінде ұсынылады.

Қазақстандықтар үшін тұрақтылық пен орнықты дамуды сақтау маңызды міндет болып табылады, бұл Ханафи ретінде қалыптасқан ислам дәстүрін сақтаудан тыс мүмкін емес.

Ислам үмбеті үшін реттеуші ретінде әрекет еткен Ханафия қағидаттары Құран мен сүннетке негізделген дәстүрлі ислам құндылықтары институты ретінде қалыптасты. Қазақстанның сарапшылары мен діндарларының сауалнамалары қазақстандық қоғамда қалыптасқан ислам діндарлығының түрі Әбу Ханифаға сәйкес Исламның мәнін рухани-мәдени тұрғыдан түсіну, сенім бірлігі мен оның практикасын дәстүрлі түсінуге негізделген деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ханафи дәстүрінің маңыздылығы әйелдер үшін білім алумен байланысты исламдық сәйкестіліктің гендерлік аспектісін қалыптастыруда да көрінеді. Ислам елдеріндегі гендерлік теңдік бүгінде жеткілікті танымалдыққа ие болды.

Біздің ойымызша, Ханафи мазхабының ерекше маңыздылығын оның толерантты исламдық сана мен исламдық бірегейлікті қалыптастырудағы реттеуші рөлінен көру керек. Исламдық бірегейлікті қалыптастыру мәселесімен, Ханафи мазхабының қазіргі Қазақстандық қоғам үшін маңыздылығымен байланысты әлеуметтік зерттеулерде қазақстандықтардың көпшілігі Қазақстанның конфессияаралық келісімінің қалыптасқан жағдайында Ханафи мазһабының оң рөлін атап көрсетті.

Бүгінде Ханафи мазхабының Қазақ елінің бірегейлігін қалыптастыруда және ең бастысы қазақ мұсылман үмбетін нығайтуда оң рөл атқаруда екендігі көруге болады. Еліміздегі дінтанулық сарапшылардың пікірінше де, Қазақстанның діни бірегейлігіне тікелей әсер ететін, оның үстіне бүгінгі Ханафи мазхабы қоғамды біріктіруші күш деген қорытындыға келген.