«Йакын Инкар» экстремистік ұйымы

Тимур НҮСІПХАНҰЛЫ

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті

университетінің жанындағы

​​​​​​Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры

«Йакын Инкар» экстремистік ұйымы

«Йакын Инкар» Елімізде экстремистік деп танылған «Таблиғи Жамағат» ұйымынан кейіннен бөлініп шыққан тобы. «Таблиғи жамағат» ұйымы Мәулана Мұхаммед Ілияс (1917-1965) тарапынан 1926 жылы Үндістанның Делхи маңындағы Мәуат мекенінде құрылған. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Үндістан мұсылман халқының өзге діни сенімге бет бұруының артуына қарсы құрылған қозғалыс. Жаһандануға қарсы үнді мұсылман халқының әуелгі ұстанымына қайта оралуды құптаған осы жолды диобент бағытымен біріккен жамағат. Бір жағынан бұл жамағат диобент ұстанымын негізге алып, өз ұйымын одан ары дамытып, күллі халықты жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару бұл ұйымның негізгі ұстанымы болған.

Инкар деген сөз «бас тарту» деген мағынаны білдіреді. «Йакын Инкар» дүние істерінің бәрінен бас тартады, тіпті емделмейді, көлікке де мінбейді. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) кезінде қалай жүрсе солай жүру керек деп есептейді. Өздері былай түсіндіреді: «Пайғамбарамыз кезінде мешіттің қасында түнейтін, садақа мен әкелген тамақты ғана жейтін, Асхабус-Суффа деген кісілер болған. Олар еңбектеніп, жұмыс істеп, дүние табуға әрекет етпейді. «Ұйым мүшелері ғылыми-техникалық жетістіктерді және зайырлы билікті мойындамайды. Олардың арманы – орта ғасырлық заманға, яғни шариғат заңымен өмір сүруге оралу. Ұйым мүшелерінің көбі ауылдан шыққан жұмыссыз жастар болып келеді. «Йакын Инкар» рухани қызметті реттейтін заңдарды мойындамайды, соған сай ешқайда ресми тіркелмеген. Олардың сыртқы түр-келбеті – шашы және сақалы ұзын, пәкістандық үлгідегі киім киеді.

Бұл жамағаттың жаңсақ ұстанымына діни тұрғыдан жауап берер болсақ:

Әуелі дүниедегі барлық істен бас тарту арқылы шынайы Алланың разылығына бөленеміз бе?

Ислам діні, дін істерінде де, дүниелік істерінде де шектен шықпай орта жолды ұстануға шақырады. Кез келген нәрсені дұрыс істеуді насихат етеді. Өйткені ислам дінінің мақсаты – адамзат баласының жан дүниесінің тыныштығы мен жақсы ғұмыр кешуіне мүмкіндік таныту болып табылады. Алла Тағала: «Осылайша сендерді орта жолдағы үмбет еттік».

Орта жолды ұстану дегеніміз, кез келген нәрсенің бұзылмай сақталуын қамтамасыз ететін тепе-теңдікті ұстап тұру. Құран кәрімде : «Ол аспанды көтеріп, тепе теңдік орнатты. Олай болса, шектен шығып тепе-теңдікті бұзбаңдар!».

Пайғамбарымыз (с.а.с) хадистерінде былай дейді:

«Істердің ең қайырлысы, орта жолдан шықпағаны».

Бұл ұйымның қашан және қайда құрылғаны нақты белгісіз бірақ қырғыз сарапшы теолог мамандарының сөзінше бұл діни ағым шамамен Ыстықкөл облысында 2010-жылдары пайда болған. Кейіннен Шу, Нарын, Баткен, Ош, Жалал-абад облыстарында бұл ағымның ұстанушылары байқала бастаған. 2017 жылы қарашада Қырғызстанда Чу облысы Беловодск ауылындағы мешітте 47 жастағы діни экстремистік ұйымның жетекшісі ұсталды. «Йакын Инкар» өкілдерінің кезектен тыс съезіне барлық облыстан делегаттар жиналған. Ол Үндістан мен Бангладешке әртүрлі діни қозғалыстардың көшбасшылары мен өкілдері бас қосатын жыл сайынғы жиындарға қатысу үшін 20 рет барған. Ол әуелі «Таблиғи Жамағат» тобының ықпалына түсіп, 2003 жылдан бері урду тілінен экстремистік мазмұндағы бірнеше кітапты қырғыз және орыс тіліне аудара бастаған. Осылайша 20-данастам кітапты аударған. Ол Қырғыз мұсылмандары діни басқармасы өкілдеріне айып тағып келген. Танымал бола түсіп, Қырғызстанда «Йакын Инкар» ұйымының негізін қалаған. Екі әйелі, 12 баласы бар. Ұйымның радикалды көзқарасына сәйкес, балаларының мектепке баруына түбегейлі тыйым салған. Сонымен қатар, экстремист өз отбасымен бірге әлеуметтік, медициналық көмектен де бас тартқан. Есепте тұрмайды, екпе жасалмаған.

«Йакын Инкар» жетекшісіне қатысты «Ұлтаралық, нәсілдік, діни немесе аймақаралық алауыздық тудыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

2009 жылы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен дағуат жасау қағидаларын мойындамай рұқсатсыз өз іс-әрекеттерін жалғастырған. Бұл жамағат «Алланың дінін жеткізушіге Алла өзі жәрдем береді» деген ұранмен дағуатқа шығады және баратын жеріне жаяу жүреді. Қырғызыстандағы бұл жамағат арасындағы белсенді дағуатшы Нурорллажәне Ділмұрат деген екі азамат болған. Экстремистік іс-әрекеттері үшін 2021 қылы қыркүйек айында жауапкершілікке тартылып, қамауға алынған. Қырғызыстанда жалпылама таблиғи жамағат ұйымына тиым салынбағанымен, шеттен шыққан «Йакын инкар» жамағатын 2017 жыл 15 маусым күні Бішкек қаласы Октябрь аудандық соттың шешімімен заңды түрде тиым салынған.

Нұр-сұлтан қалалық бас прокуратурамен 2018 жылы «Йакын Инкар» ұйымының әрекеті экстремистік деп танылып, оған Қазақстан Республикасының барлық аумағында, соның ішінде ақпараттық материалдар, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация, әлеуметтік желілері, месенджерлер және бейнехостингтер арқылы таратуға тыйым салынды.