Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Зайырлы мемлекетте діни нормаларды сақтау» тақырыбында онлайн форматта зумм платформасы арқылы кездесу өтті.
Кездесуді Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптамасы институтының психологиялық – сот сараптамасы қызметінің бас маманы Мусина Динара өткізді.
Кездесу барысында «Зайырлылық» сөзінің мағынасы туралы, зайырлы мемлекеттің сипаты туралы, азаматтардың дін ұстану еркіндігі мен діни мекемелердің мемлекеттен бөлектігі туралы, дін мемлекеттік идеологияға ықпал ете алмайтындығы туралы, Қазақстанда мемлекеттік немесе міндетті дін жоқ екендігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Тыңдаушылар тарапынан әр-түрлі сұрақтар қойылып, кері байланыстар жасалды. Сондай-ақ тақырып аясында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.