Ақпарат

Ағымдағы жылдың 4 қазан күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» гуманитарлық операциялары аясында өңірге қайтарылған азаматшалардың қатысуымен «Хрональды биология» тақырыбында онлайн форматта «зумм» платформасы арқылы кездесу өтті.

Кездесуді Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, психолог Шакимова Л.С. жүргізді.

Психолог кездесу барысында табиғат құбылыстарының адамның психикалық денсаулығына әсері туралы түсіндіре отырып, адамның психологиялық жай-күйімен табиғи факторлардың қарым-қатынасын анықтау арқылы депрессияның қалыптасуына жол бермеу жолдарын түсіндірді.

Сонымен қатар, Л.С.Шакимова кездесуге қатысушы әйелдердің қазіргі психологиялық жай-күйін анықтау үшін Люшер әдістемесіне сүйене отырып арнайы треннинг ұйымдастырып, нәтижелерін бірлесе талқылады.

Қатысушылар сұрақтарына жауап алып, белсене қатысты.