Ағымдағы жылдың 22 тамыз күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында», «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Білім алу — әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуді «Алматы Орталық мешітінің» наиб имамы, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» басшысы, исламтанушы Руслан Қайыргелді өткізді.
Кездесу барысында білім алудың маңыздылығын Құран аяттары мен хадистерден дәлелмен жеткізіп, әлем ғұламаларының өмірінен алынған ғибратты оқиғалармен бөлісті.
Жеке адамның ақ пен қараны ажырауты үшін, екіншіден, әлемдік өркениет пен мәдениетке ауқымды үлес қосу үшін жас ерекшелікте шектеу жоқтығын негізге алып, ғылым мен білімге үндеді.