Ақпарат

Ағымдағы жылдың 9 сәуір күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасы жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» гуманитарлық операциялары аясында елге қайтарылған азаматшалар және олардың балаларына «Ғылым ордасы» РМК  орналасқан мұражайларға экскурсия жасалды. Атап айтқанда:

  1. Археологиялық мұражай;
  2. Сирек кездесетін кітаптар мұражайы;
  3. Қазақстан ғылымының тарихи мұражайы;
  4. Табиғат мұражайы.

Ұйымдастырылған шара мақсаты —  ғылыми, тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттау мақсатында музейдегі әлемдік тарихи және ғылыми маңызы бар сирек кездесетін жәдігерлер жиынтығын, аса құнды кітаптары мен көне қолжазбаларды, Ежелгі Қазақстан ғылымының қайнар көздерін, Қазақстан ғылымының пайда болуы және Қазақстанның геологиялық өткен тарихын, еліміздің жер асты байлықтарын, жануарлар әлемінің сан алуандығын таныстыру арқылы келушілердің білім деңгейін көтеріп, оқу-ағартушылыққа бағыттау.

Азаматшалар ұйымдастырылған шараға өз алғыстарын білдіріп, ерекше әсер мен құнды мәліметтер алғандықтарын айтты.