Ағымдағы жылдың 21 ақпан күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Конфликттік жағдайларды шешу жолдары» тақырыбында онлайн форматта зумм платформасы арқылы кездесу өтті.
Кездесуді Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, психолог Шакимова Л.С. жүргізді.
Психолог маман кездесу барысында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, баланың мінез-құлқы, оны басқру жолдары, отбасында туындайтын конфликт және конфликттің шығу себептері мен алдын алу жолдары туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, психологиялық тернингтер және әр түрлі психологиялық ойындар ойнату арқылы тыңдаушылар арасында кері байланыс орнатып, кездесуді одан әрі қызықты форматта өткізді.
Дінтанушы Н.Жетпісбай