Ағымдағы жылдың 29 маусым күні Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен діндар әйелдер жамағатының қатысуымен «Отбасы және бала психологиясының маңыздылығы» тақырыбында психологиялық треннинг болып өтті.
Психологиялық терннингті орталықтың психолог маманы Ахметов Бауыржан және дінтанушы маманы Жетпісбай Назерке жүргізді.
Ахметов Бауыржан бүгінгі күнде өзекті болып отырған отбасылық мәселелер, соның ішінде баламен қарым-қатынастың жоғалуы, оның басты себептері және алдын-алу жолдары, сондай-ақ бала психологиясының маңыздылығы турасында сөз етсе, Жетпісбай Назерке қоғамымызда теріс ағым идеологиясына ұшыраған жастар туралы, соның ішінде теріс ағым өкілдеріне алдану, әлеуметтік желі зардабы, жалған неке құрбандары, сондай-ақ соғыс ошақтарынан оралған Қазақстандықтар туралы әңгіме өрбітіп, бұндай жат ағымдарға алданбаудың түрлі жолдарын айтып, балалардың әрбір іс-әрекетін бақылап, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін еркін білдіріп, ашық сұхбаттасты. Шара соңы тәтті шәйға ұласып, қатысушылар жақсы тілектері мен алғыстарын білдіріп, қимастықпен тарқасты.
Н.Жетпісбай