+77011207570
+77011207503
info@reab.kz

«Менің отбасымның салт-дәстүрлері»

ЦЕНТР КОНСУЛЬТАЦИИ И РЕАБИЛИТАЦИЙ ПРИ УПРАВЛЕНИЯ ОБЩЕСТВЕННОГО РАЗВИТИЯ ГОРОДА АЛМАТЫ

Ағымдағы жылдың 11-13 шілде аралығында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен «Елорда күні» мерекесіне орай «Менің отбасымның салт-дәстүрлері» атты 6-13 жас аралығындағы балалар арасында сурет байқауы болып өтті. Байқауға діндар отбасында өскен 9 бала қатысып, белсенділік танытты.
Шараның негізгі мақсаты: Тәуелсіз еліміздің құндылықтарын кеңінен түсіндіріп, өнерге, елге, жерге деген патроиттық сезімдерін дамыту.
Байқаудың шарттарына түрлі түсті карандашпен тақырыпқа сәйкес сурет салып, ұйымдастырушыларға тапсыру және үздік суретті анықтау әлеуметтік желі арқылы дауыс беру негізінде анықтау болды.
13 шілде күні дауыс беру аяқталып, нәтижесінде Есен Алихан І орын, Таншанло Зохра ІІ орын, ал Ботабаева Амина ІІІ орын алды.
Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар беріліп, алғыс хаттармен марапатталды.
Ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын, мерекелік тілектерін айтып қуаныштарын білдірді. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті деп айтуға болады.

«Кеңес беру және оңалту
орталығының» теологы
Н.Жетпісбай