Ақпарат

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Ақида ілімі» туралы дәріс өткізілді.

Дәрісті  «Али-Мұхаммед» мешітінің бас имамы, исламтанушы Тақиров Қанатали Бақытұлы жүргізді.

Ақида – адамның сенім сұрақтары мен қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан танымы, пікірі, діни ұстанымдар жиынтығы. Мұсылман ақидасының түп негізі – Құран мен Сүннет. Яғни, әрбір мұсылманның таным-түсінігі, ғұмырлық ұстаным-қағидалары осы қайнар-бұлақтардың негізінде қалыптасуы тиіс. Қазіргі теріс ағым өкілдерінің мазһаб ұстанбай, имамға бағынбай, өз елін «тағут» мемлекеті деп айтыптап, осы елдің ішіп отырған наны мен суын харам деп, шет ел асып адасушылыққа салынғандардың басты қателігі де осы сенім мәселесін дұрыс түсінбеуден және осы сенім мәселесіне қатысты дәлелсіз ақпараттарға сүйенуден екендігі айтылды. Соның ішінде, ДДА өкілдерінің басты тақырыбы «Алланың сипаты» туралы  Құран аяттарына түсіндірме беріп, толыққанды дәлелдер келтірді.

Сонымен қатар, «Джихад» мәселесі туралы айтылып, Джиһад- «соғысу»  деген тар мағынада  емес, шын мәнісінде Джихад бұл – Алланың хақ жолын ұстануға тырысу, залымдарды зұлымдық істеуден тоқтату, өз мекенін сырттан төнген қауіптен, зорлық-зомбылықтан қорғау және ең үлкен джихад бұл нәпсімен күрес екендігі туралы Құран аяттарынан және сахих хадистерді негізге ала отырып түсіндірді.

Дінтанушы            

                                                      Н.Жетпісбай