Ақпарат

Ағымдағы жылдың 21 шілде күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасы жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» гуманитарлық операциялары аясында елге қайтарылған азаматшалардың балаларына «Наследники» отбасылық ойын-сауық орталығында, балалар аттракциондарында  тегін ойнау мүмкіндігі берілді.  Ойын сауық орталығы тарапынан аниматорлармен көңілді ойындар өткізіліп, балалар үшін түрлі кейіпкерлердің қатысуымен шоу бағдарламалар  ұйымдастырылды.

Балалар және олардың ата-аналары ерекше қуанышқа бөленіп, ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдірді.