Ағымдағы жылдың 14 шілде күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» гуманитарлық операциялары аясында елге қайтарылған азаматшалардың қатысуымен «Қасиетті мекендер» тақырыбында онлайн форматта «зумм» платформасы арқылы кездесу өтті.
Кездесуді «Алматы Орталық мешітінің» наиб имамы, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының басшысы, исламтанушы Руслан Қайыргелді тікелей Мәдина қаласынан байланысқа шығып өткізді.
Кездесуде мұсылмандар үшін қасиетті болып есептелетін Мекке және Мәдина қалаларының тарихына, қажылық рәсімдеріне шолу жасай отырып, аталған тақырыптарда қызықты оқиғалармен бөлісті.
Тыңдаушылар кездесудің өте әсерлі өткендігін айтып, өз алғыстарын білдірді.