Ақпарат

 Ағымдағы жылдың 11 шілде күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығында, «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Қарым-қатынасты жақсарту психологиясы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуді жеке кеңес беруші, тәжірибелі маман, Қаз ҰПУ психологы Э.Исмагамбетова жүргізді.

Кездесу барысында психолог маман қатысушыларға реніш ұғымына түсініктеме жасай отырып, қарым-қатынасты жақсарту үшін реніштің түрлері мен айырмашылығы және оны кешіру жолдары, реніштің адамның психофизиологиялық жағдайына әсеріне тоқтала отырып, өкпе мен кектен арылу үшін арнайы жаттығулар мен треннинг ұйымдастырды.