Ақпарат

Ағымдағы жылдың 14 маусым күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» «Жусан» операциялары аясында елге қайтарылған азаматшалардың қатысуымен «Өзара жәрдемдесудің артықшылықтары» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуді Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы З.Ж. Үсенова, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының профессоры, философия ғ.д., доцент Г.Ж. Жұманова және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғ.д., профессор, эксперт А.Д. Құрманалиева секілді Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жүргізді.

Кездесуде құран аяттары мен хадистерден жәрдемдесу түсінігі және жақсылыққа жол бастау жолдарын, сонымен қатар, қазақтың салт-дәстүрлерінен сыр шертіп, ежелгі ырым-тиымдар туралы әңгіме өрбітілді.