Ақпарат

Ағымдағы жылдың 1 маусым күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығында, «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Рэкетті және түпнұсқалы сезім,  өмір сүру тәсілдері» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуді жеке кеңес беруші, тәжірибелі маман, Қаз ҰПУ психологы  Э.Исмагамбетова жүргізді.

Кездесу барысында психолог маман қатысушыларға ішкі сезіммен күресу арқылы қалыпты әрі ұнамды өмір сүру үшін өз-өздерімен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын көрсетіп, бойларындағы реніш, қорқыныш, үрей сезімдерімен күресу үшін арнайы треннинг ұйымдастырды.