Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Тұлға психодиагностикасы» тақырыбында онлайн форматта «зумм» платформасы арқылы кездесу өтті.
Кездесуді Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, психолог Шакимова Л.С. жүргізді.
Психолог кездесу барысында адамның әр түрлі айырмашылықтарын, психофизикалық ерекшеліктерін, жеке адамның мінез-құлқын анықтай отырып мәлімет жинақтау арқылы бағыттылық пен даму деңгейін жүйелеу жолдарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, баланы психодиагностика әдісі арқылы танып, болашақта жұмыс жасап, дұрыс бағыт бағдар беру тиімді екендігін атап өтті.
Л.С.Шакимова кездесуге қатысушы әйелдердің мінез-құлық үлгісін анықтау үшін арнайы треннинг ұйымдастырып, нәтижелерін бірлесе талқылады.
Қатысушылар сұрақтарына жауап алып, белсене қатысты.