Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшалар және олардың балалары «Медеу» мұз айдынына демалысқа барды.
Аталған шараны ұйымдастырудағы мақсат – өңірге оралған азаматшаларды қоғамдық әлеуметтік өмірге бейімдеу, салауатты өмір салтын насихаттау, балаларға қызықты демалыс сыйлау.
Азаматшалар ерекше әсерлерімен бөлісіп, көңілді демалыс үшін ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.