Ақпарат

Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы аясында өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Балалармен жұмыс жасаудағы проективті әдістер мен сурет салу психотерапиясы» тақырыбында онлайн форматта «зумм» платформасы арқылы кездесу өтті.

Кездесуді Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, психолог Шакимова Л.С. жүргізді.

Психолог кездесу барысында балалармен қарым-қатынас жасауда проблемалық мәселелерді шешудің тиімді жолдары мен баланың сурет салуы (реттілік, көлем, пішім, құрам, арақашықтық, түс) арқылы оның қажеттілігі, өмірге деген көзқарасын анықтау жолдарын түсіндіріп өтті.

Қатысушылардың басым бөлігі көпбалалы аналар болғандықтан, психологтың әр сөзіне мән беріп тыңдап,  өзекті сұрақтарына жауап алды.

 

Дінтанушы                                                                   Н.Жетпісбай