Ағымдағы жылдың 24 шілде күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, Алматы Орталық мешітінің қолдауымен Құрбан айт мерекесіне байланысты «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшалар және олардың балалары табиғат аясында демалу үшін «Аюсай» шатқалына көкке шықты.
Табиғат аясында дастархан жайылып, балаларға тәттілер таратылды. Ұйымдастырушылар тарапынан психолог Ахметов Бауыржан балаларға және әйелдерге арнайы психологиялық треннинг ұйымдастырып, имам Юбуров Расул діни тақырыпта уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Әйелдер өздерінің керемет көңіл күйлерімен бөлісіп, керемет демалыс болғандығын айтып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.