Ағымдағы жылдың 20 маусым күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен, «Жусан» операциясы бойынша өңірге оралған азаматшалардың қатысуымен «Ислам дінінің адамзатқа келудегі мәні мен көркем мінез» тақырыбында онлайн форматта зумм платформасы арқылы кездесу өтті.
Кездесуді «Халық арна» телеарнасының директоры, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Даркулов Нұржан Таласұлы жүргізді.
Маманмен кездесу барысында Ислам дінінің адамзатқа жіберілуі, ислам дінінің адамзатқа жіберілудегі негізгі мәні сынды маңызды тақырыптар қозғалды. Сондай –ақ, көркем мінез ұғымы кеңірек ашылып, нағыз мұсылман адамның бойынан табылуы қажет асыл қасиеттер жайлы сөз болды.