Ақпарат «11».02.2021ж.

 «11»   02    2021ж.

Ақпарат

Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» террористік белсенді аймақтардан «Жусан» гуманитарлық операциялары аясында елге қайтарылған әйелдермен кездесу өтті.

Аталған шараға Басқарма басшысы Нұрлан Қиқымов қатысып, соғыс аймағының қиындықтарын өз көздерімен көріп қайтқан нәзік жандылармен оңалту, тұрмыстық және әлеуметтік бейімделу мәселелері төңірегінде сұхбаттасты. Сондай-ақ, террористік белсенді аймақтардан оралған азаматтардың қоғамға тез бейімделу мақсатында мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп жатқандығы жеткізілді.

Дінтанушы           

Н.Жетпісбай