«07» 02 2021ж.
Ақпарат
Ағымдағы жылдың 07 ақпан күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының дінтанушы маманы Н.Жетпісбайқызының ұйымдастыруымен, Жусан операциясы бойынша елге оралған азаматшалермен, соның ішінде Алматы қаласы бойынша өңірге оралған 9 азаматшамен «Бүгінгі жас ұрпақ-ертеңгі болашақ» тақырыбында онлайн форматта зумм платформасы арқылы кездесу өтті.
Мақсаты: Отбасында тәлім-тәрбиені ана беретіндіктен өздерінің басынан кешкен сұрпат оқиғаларға алып барған негізгі қателіктерін түсініп, ендігі балаларына тәуелсіз елде жарқын болашақ сыйлау.
Кездесуді Алматы қаласы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-нің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы жүргізді.
Кездесуде Жанна Орынбасарқызы Ұлы Ақын Абай Құнанбайұлының, батыр Бауыржан Момышұлының баланың тәрбиесіне қатысты айтылған мысалдары мен ұлағатты сөздерін тілге тиек етіп, жалпы бала тәрбиесі, баланың болашағы, баланың қабілеті, баланың психологиясы, баланың қызығушылығы туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесінде ата-ананың жылулығы мен қамқоры және ана мен бала арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығы айтылып, Абайдың айтып өткен тәрбие берудегі адамгершілікке тән асыл қасиеттерді (иман, ар-ождан, әділет, ынсап, мейірім) бала бойына сіңіріп өсірсе ата-анасы мақтанар, ел үшін қызмет етер ерен тұлғалар көбейетіндігі сөзссіз екендігі айтылды.