2020 жылғы 10 қыркүйегінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице – министрі Әзілханов Марат Алмасұлымен кездесу өтті. Кездесуге Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қиқымов Нұрлан Медсантұлы, «Sayone» жеке қорының басшысы Базарханов Арман Токанұлы, Орталықтың және «Ақниет» ақпараттық–насихаттау және оңалту орталығының теологтары қатысты.
Жиын барысында Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Алматы қаласының діни ахуалы туралы ақпарат беріп, деструктивті діни ағымдарының идеологиясының арбауына түскен азаматтармен жүргізіліп жатқан оңалту жұмыстары мен көрсетілген әлеуметтік көмек туралы ақпаратты атап өтті.
Бұдан соң деструктивті діни ағымдармен күресудің оңтайлы жолдары мен тиімді әдістері туралы орталықтардың теолог мамандары өздерінің ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Кездесу жоғарғы деңгейде өтті.
Өз кезегінде, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице – министрі Алматы қаласында жүргізіліп жатқан жұмыстарына оң баға беріп, мамандарға алғысын білдірді.