Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы«Кеңес беру және оңалту орталығының» жұмысына арналған пресс-конференция өтті.
Аталған Орталық Алматы қаласында 2016 жылдан бері жұмыс жасауда және оның негізгі міндеті радикалды діни топтар мен ұйымдардың ықпалына түскен адамдарға оңалту, кеңес беру, бейімдеулі көмек көрсету болып табылады.
Пресс-конференция Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Көшеке Ерғалидың, Орталық директоры Қайыргелді Русланның, теолог маманы Жетпісбай Назеркенің және бірқатар БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында спикерлер Орталық жұмысы, оның бағыт-бағдары және және оның нәтижесі, жұмыс жүргізу барысында қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдері, деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған адамдармен жұмыс жүргізу туралы тақырыптарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, «Жусан» операциясы бойынша елге оралған азаматшалармен жүргізілетін оңалту жұмыстарының бағыттары мен оның нәтижесін сөз етті.
Өз кезегінде, БАҚ тарапынан «Жусан» операциясы аясында елге оралған әйелдермен және түзету мекемелеріндегі сотталған азаматтармен жұмысқа қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. Спикерлер аталған сұрақтарға толық жауап беріп, пресс-конференциядан кейін қатысушылар Орталықтың атқаратын жұмысымен танысып қайтты.
