Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы «жанындағы кеңес беру және оңалту орталығының» 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы жиналысы

15.02.2022 жылдың күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы кеңес беру  және оңалту орталығында  Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының орынбасары Көшеке Ерғали Ақылбекович және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы діни бірлестіктерімен жұмыс бөлімі басшысы Әбдіхамитов Бақдаулет Халиулллаұлының қатысуымен ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып орталық қызметкерлерімен талқыланды. Орталыққа келген жаңа қызметкерлерге жұмыс жоспары таныстырылды.

2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарланды. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының орынбасары Көшеке Ерғали Ақылбекович ағымдағы жылда теологтар мен психологтарға толағай табыс пен қажырлы еңбек тіледі.